«Жалпы алғанда заңның жаңа нұсқасы біршама ілгерілетілген. Онда көптеген халықаралық стандарттар қарастырылған. Соның ішінде жауапкершіліктен босату туралы норманы айрықша атап өту керек. Ол Қазақстан нарығында бәсекелестікті мейлінше дамытуды тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді банк өкілі.
«Монополияға қарсы ұйым осындай өкінген қатысушылардың көмегімен тергеу барысында алуға келмейтін мәліметтерді жинай алады», — деді ол.
Оның айтуынша, осындай тәжірибе «көптеген елдерде, соның ішінде АҚШ, ЕО елдері, Жапония мен Сингапурда қолданылады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті