Бәсекелестікті қорғау агенттігі жанар-жағармай саласындағы бәсекелестік талаптары сақталмаған фактілерді қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бәсекелестікті қорғау агенттігі жанар-жағармай саласындағы бәсекелестік талаптары сақталмаған фактілерді қарастыруда

Бәсекелестікті қорғау агенттігі жанар-жағармай саласындағы бәсекелестік талаптары сақталмаған фактілерді қарастыруда

Бәсекелестікті қорғау агенттігі мен құқық қорғау органдары жанар-жағармай саласындағы бәсекелестік талаптары сақталмаған фактілер бойынша мәселені қарастыруда. Бұл туралы бүгін Zakon.kz ақпараттық порталындағы бейне-онлайн конференция барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты.

  • 15 Шiлде 2011
  • 465
Фото - Caravan.kz

Бәсекелестікті қорғау агенттігі мен құқық қорғау органдарына жанар-жағармай саласындағы бәсекелестік талаптары сақталмаған фактілер бойынша мәселені қарастыруды жүктегенін айтқан Үкімет басшысы: «Меніңше, бүгінгі күннің аяғына дейін бұл мәселе шешіледі»,-деді.

«Бір жағынан алып қарағанда нарықтық бағадан төмен сатуды міндеттей алмаймыз. Себебі, бұл бағытта белгілі бір нарықтық экономиканың заңдылықтары бар. Атап айтқанда нарықтан төмен сатуды міндеттесек, онда ол компания банкротқа ұшырауы мүмкін. Бұл тұрғыда баланс болуы керек»,-деп атап өтті Үкімет басшысы.

К. Мәсімов өз сөзінде 2010 жылдың егін егу науқанынан бастап елімізде төменгі октанды жағармай бойынша бағаның маусымдық ауытқуы болған жоқ екендігін айтты.

Айта кетейік, 11 шілдеде болған Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев Аи — 92, Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы 102 теңге көлемінде қалатынын айтқан болатын. Оның сөзіне қарағанда, жақын арада Мәжіліс қабылдаған жанар-жағармайды реттеу мәселесі жөніндегі қабылданған заңға қол қойылғаннан кейін бұл мәселе тез арада шешілмек. Атап айтқанда, бүгінде жанармай бағасы «Гелиос» компаниясының жанармай құю стансаларында ғана өсіп отыр. «Айта кетейік, жанар-жағармайды реттеу мәселесі жөніндегі заң қабылданған болатын. Сол заң бойынша жағармайдың шекті бағасы анықталады. Егер де, сол шекті бағадан өсетін болса, оған біз тиісті шара қолданатын боламыз»,-деді министр. «Аи — 92, 93 маркалы бензин үшін шекті баға қазіргі кездегі 102 теңге көлемінде қалатын болады. Тек қана «Гелиос» компаниясы бензин бағасын көтерді. Алайда бұл мәселе бойынша тиісті шара қолданылады»,-деп атап өтті С. Мыңбаев.

Соңғы жаңалықтар