Бәсекелестікті қорғау комитетінің басшысы жанармай бағасы арзандайды деген болжам айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бәсекелестікті қорғау комитетінің басшысы жанармай бағасы арзандайды деген болжам айтты

Бәсекелестікті қорғау комитетінің басшысы жанармай бағасы арзандайды деген болжам айтты

ҚР индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қолдау комитетінің төрағасы Әлиакпар Матишев жанармай бағасы арзандайды деген болжам айтты,- деп хабарлайлы KZ-today тілшісі.

  • 17 Қазан 2005
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Соңғы күндері жанар-жағармай бағасы 10-15 теңгеге арзандады. Қазір баға 1-қазандағы деңгейге жетті»,- деді Ә.Матишев бүгін Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында. Оның пікірінше, еліміздегі үш бірдей мұнай өңдеу зауытының әлеуеті жаппай ішкі нарыққа бағытталғандықтан, баға одан әрі арзандайды. «Қазір «ҚазМұнайГаз» өзінің өндірген мұнайын толық көлемде мұнай өңдеу зауыттарына жөнелтуде. Соның нәтижесінде ұсыныс сұраныстан артатыны анық»,- деді ол.

Қазақстанның қырғыз кәсіпкерлерінің алдындағы экспорттық міндеттемелеріне тоқталған Ә.Матишев осы жөнінде екі ел арасында келісімге қол жеткенін атап өтті. «Алайда біз елімізден шығарылған жанармайды реэспортқа жіберуге қатысты шаралар қолдандық»,- деді ол. Ә.Матишевтің айтуынша, «Қырғызстандағы ішкі сұраныстың 100 мың тонна екеніне қарамастан, Қазақстаннан 300 мың тонна жанар-жағармай шығарылған. Демек, 200 мың тоннасы реэкспортпен үшінші елдерге жіберілген. Республика үкіметі Қырғызстан үкіметімен осы елге дәл сұраныс көлемінде жанармай жіберу туралы келісімге қол қойды»,- деді комитет төрағасы. «Егер жанармайға қатысты алыпсатарлық оқиғасы бұдан былай да әшкереленген жағдайда біз оны артық көлемде жіберуден бас тартатын боламыз»,- деп мәлімдеді Ә.Матишев.

Перейти к новостям спорта