"Басқа әйел алып, кет дедім": Майра Мұхамедқызы күйеуімен ара қатынасы туралы бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 497.89
  • 525.12
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Басқа әйел алып, кет дедім": Майра Мұхамедқызы күйеуімен ара қатынасы туралы бар шындықты айтты

"Басқа әйел алып, кет дедім": Майра Мұхамедқызы күйеуімен ара қатынасы туралы бар шындықты айтты

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы алғаш рет көпке бұрын- cоңды айтылмаған құпиясын айтты.

  • 19 Қараша
  • 103
Instagram/Дана Нұржігіт

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Майра Мұхамедқызы бұл туралы тележүргізуші Дана Нұржігітке берген сұхбатында айтты.

«20 жыл. Бала болмаған кезде де мен сөз бердім. Өліп кетсем де саған туып бере аламын деп. Мен рұқсатымды бердім, егер мен бала туа алмасам, сен басқа әйел алып, кетуіңе болады. Мен махаббатымды қиямын дедім. Ол айтты: «Өмірдің мақсаты, мәні әрине бала. Бірақ біздің махаббатымыз бар ғой деді. Ол бала — Алланың қолында деді. Алла берем десе береді, бермеймін десе бермейді. Ол біздің құзырымызда емес. Біздің денсаулығымыз да, бәрі жақсы. Бірақ бермесе, оған кім кінәлі? Сондықтан мен түсінемін, бәрі бір Алланың қолында деді. Сен тастамасаң, мен сені тастамаймын деді», — деп жауап берді опера әншісі.