Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Осы ретте Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы әлеуметтік желілерде халықты толғандырған сауалдарға жауап беруде.
ҚМБД өкілдері желі қолданушысының «басқа біреудің атынан құрбан шалуға бола ма» деген сұрағына жауап берді.
«Басқа біреудің атынан құрбан шалуға рұқсат. Алайда құрбанды кімнің атынан шалса, сол кісінің рұқсатын алу керек. Егер рұқсатын алмай құрбандық шалса, құрбандық жарамсыз болады», — делінген Мүфтият өкілдері жариялаған жауапта.
Еске сала кетейік, биыл яғни, 2025 жылы Құрбан айт мерекесі 6-8 маусым аралығында тойланады.