Баскетболдан балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері арасында «Үміт кубогі» I Қазақстан чемпионаты аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баскетболдан балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері арасында «Үміт кубогі» I Қазақстан чемпионаты аяқталды

Баскетболдан балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері арасында «Үміт кубогі» I Қазақстан чемпионаты аяқталды

Қостанайлық баскетболшылар балалар үйлері мен мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасындағы «Үміт кубогі» І Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды.

  • 28 Мамыр 2012
  • 576
Фото - Caravan.kz

Еліміздің барлық облыстарынан келген 16 құраманың арасында қостанайлықтар ел чемпионы, қызылжарлықтар — күміс, павлодарлықтар қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ қостанайлық Евгений Левин «Таңдаулы қорғаушы», Владимир Крохин «Таңдаулы жаттықтырушы», павлодарлық Илья Вашурин «Таңдаулы шабуылшы», семейлік Аюп Қадыров «Ортадағы таңдаулы ойыншы», қызылжарлық Денис Лебедев «Нәтижелілік жағынан таңдаулы» деп танылды.

Қазақстан халық банкі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Ұлттық баскетбол федерациясы ұйымдастырған бұл дүбірлі доданың 1-туры 2011 жылдың қараша айында Қостанай облысындағы «Сосновый бор» шипажайында өткен болатын. Ал өткен аптада 2-тур ойындары болып, Рустам Яргалиев («Астана» баскетбол клубы), Тимур Сұлтанов («Тобыл» баскетбол клубы),е Андрей Малышев («Каспий» баскетбол клубы) сияқты әйгілі қазақстандық спортшылар шеберлік дәрістерін өткізді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера