Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қатысуға өтінім қабылдау мерзімі 3 қарашадан 1 желтоқсанға дейін жалғасады.
“Наурызға” кім қатыса алады?
- Отбасы банкінің барлық салымшысы
- Депозиті бар және шотында кемінде 2 млн теңге жинағы бар клиенттер
- Соңғы 5 жылда өзінде де, отбасында да тұрғын үйі болмағандар
Өтінім беру тәсілі:
- Барлығы онлайн өтеді — Baspana Market арқылы
- Жеке кабинетке кіріп, өтінім беріңіз және нәтижені күтіңіз
Несие шарттары қандай?
Бастапқы жарна:
— Таза әрленген бастапқы тұрғын үй үшін — 10%-дан бастап
— Әрленбеген бастапқы немесе қайталама тұрғын үй үшін — 20%-дан бастап
Сыйақы мөлшерлемесі:
7 % (ЖТСМ 7,1 %-дан) — әлеуметтік осал топтарға
9 % (ЖТСМ 9,4 %-дан) — барлық қатысушыларға
Ең жоғары сома:
30 млн теңге — өңірлерде
36 млн теңге — Астана мен Алматыда
Мерзімі: 19 жылға дейін
Қандай пәтерлерді сатып алуға болады?
Бірінші нарықтағы (жаңа) тұрғын үйлер — Астана, Алматы және облыс орталықтарында.
Бірінші және екінші нарықтағы тұрғын үйлер — моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде.
Тұрғын үйді Baspana Market порталынан таңдайсыз.