Баспананы жалға алу ақысын субсидиялауға 19 мыңнан астам өтінім түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баспананы жалға алу ақысын субсидиялауға 19 мыңнан астам өтінім түсті

Баспананы жалға алу ақысын субсидиялауға 19 мыңнан астам өтінім түсті

Баспананы жалға алу ақысын субсидиялауға 19 мыңнан астам өтінім түсті, деп хабарлады индустрия және инновациялық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 7 Маусым 2022
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"7 маусымдағы жағдай бойынша берілген өтінімдер саны – 19285, олардың 4750-і мақұлданды. 10 117 өтініш қабылданбады. Бас тарту себебі әртүрлі. Олардың көпшілігі тіркеу кезінде СМС арқылы жіберілген кодты енгізбеген", — деп жазылған хабарламада.

Жеке куәлігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, өтінім берушінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы, үй кезегіне тіркелмегені, мемлекеттік кірістер комитетінде қарызының болуы да өтінім қабылданбауының себебі. Әзірге қабылданбаған өтінімдер арасында:

алушының немесе отбасы мүшелерінің деректерін тексеру бойынша – 836,


табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетуі – 782,

қатысушының өзі күшін жойған өтінімдер – 1887.

Еске сала кетсек, жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы биыл 18 сәуірде іске қосылған болатын.

Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялау тетігі іске асырылып жатыр. Бұл қолдау тұрғындардың кейбір санатына ғана көрсетіледі.