Баспасөз беттерінде жарық көрген жол полициясы қызметкерлерінің этикалық ережелері Қазақстандық полицейлерге арналған мінез-құлық ережелерінің тұңғыш жинағы болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баспасөз беттерінде жарық көрген жол полициясы қызметкерлерінің этикалық ережелері Қазақстандық полицейлерге арналған мінез-құлық ережелерінің тұңғыш жинағы болмақ

Баспасөз беттерінде жарық көрген жол полициясы қызметкерлерінің этикалық ережелері Қазақстандық полицейлерге арналған мінез-құлық ережелерінің тұңғыш жинағы болмақ

Баспасөз беттерінде жарық көрген жол полициясы қызметкерлерінің этикалық ережелері Қазақстандық полицейлерге арналған мінез-құлық ережелерінің тұңғыш жинағы болмақ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ жол полициясы департаменті бастығының орынбасары Сергей Каверников этикалық тәртіптер туралы түсініктеме бере отырып хабарлады.

  • 19 Қараша 2003
  • 1275
Фото - Caravan.kz

С.Каверниковтың айтуынша, бұған дейін этикалық ережелер мен полиция қызметкерлерінің мінез-құлық ережелері әртүрлі ішкі жарлықтарда ғана жарым-жартылай жарияланып келген. Жол полициясы қызметкерлерінің жауынгерлік дайындығын бағалауда олардың атыс даярлығы мен қызмет бабына ғана баса мән беріледі де, полицейлердің мәдени деңгейін арттыруға жеткілікті көңіл бөлінген жоқ.

С.Каверниковтың айтуынша, соңғы уақытта жүргізушілердің заңдық сауаттылық деңгейі едәуір артты. Соның салдарынан жол полициясы инспекторларының білім деңгейі жүргізушілердің деңгейіне ұдайы сай келе бермейтіндей ахуал қалыптасып отыр. Сондай-ақ, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол полициясы инспекторларына қатысты теріс көзқарас байқалады. Сондықтан жаңадан жобасы дайындалған ережелер бір жағынан жол полициясы қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыруға, жұмыс бабындағы тәртібін нығайтуға және жалпы мәдени деңгейін көтеруге түрткі болумен бірге, екінші жағынан қалыптасқан ахуалға немесе жол қозғалысына қатысушы мен инспектор арасындағы жеке байланысқа қарамастан, жол полициясы инспекторлары, жүргізушілер мен жаяу жолаушылар арасындағы өзара қарым-қатынас үрдісін белгілеуге түрткі болмақ.
Жарияланған ережелер барлық жағдайда бірдей міндетті сипатта емес, алайда оны бұзған жағдайда инспекторға қызмет бабындағы жазалау шарасы қолданылуы мүмкін.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 18-қарашада республикалық басылымдарда «ҚР ішкі істер органдарына қарасты жол полициясы қызметкерлерінің ережесі» жарық көрген болатын. Бұл ережеде жол полициясы қызметкерлері мен жол қозғалысына қатысушылар арасындағы қарым-қатынас, жол полициясы қызметкерлерінің сыртқы кескін-келбеті, сөйлеу мәдениеті және қол сермеу мәнері қатарлы мәселелер реттелген болатын.

Соңғы жаңалықтар