"Басқа еркекпен тыр-жалаңаш жатқанын көзім көрді": Үш баласының өзінен еместігін дәлелдеуге келген азаматтың күдігі расталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Басқа еркекпен тыр-жалаңаш жатқанын көзім көрді": Үш баласының өзінен еместігін дәлелдеуге келген азаматтың күдігі расталды

"Басқа еркекпен тыр-жалаңаш жатқанын көзім көрді": Үш баласының өзінен еместігін дәлелдеуге келген азаматтың күдігі расталды

Үш бірдей баласының өзінен еместігін айтып шағымданған әке ДНК сараптамасын жасатып, балалардың кімнен екенін анықтады.

  • 10 Желтоқсан 2021
  • 3504
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Сaravan.kz медиа порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысының тұрғыны Қайрат Құбатаев есімді азамат балаларының өзінен екеніне күмәнданған.

— Балалар өзімнен емес. Бірақ, мен балаларды далаға тастамаймын. Балажанмын. Оларды асырап бағамын. Тауда мал бағып, базарда арба сүйреймін. Күнде кешке тапқан нәпәқама солардың тамағын әкелемін, дейді шағымданған әке.

— Әйелімнен күмәндануым орынды. Себебі, мен мал бағып жүріп, ішерге суым таусылған болатын. Үйге келсем, екі қызым отыр. Мамаларың қайда десем, анау бөлмеде деп сілтеді. Барсам, бір еркекпен тыр-жалаңаш жатыр. Екеуінен де не жағдай деп сұрағанымда, өзі жабысты деп, бір-біріне жапты. Сосын балаларым менен екеніне күмән туа бастады. Бұл үнемі солай жасайды. Ішімдегі күдікті 18 жыл тасыды. Соны анықтау үшін келдім, — дейді ол.

Қайраттың әйелі Эльнура болса өзінің зорланғанын айтты.

— Мені наша шеккен еркек зорлады. Ол қайын ағамның досы болатын. Бәріне айтқан едім. Тыңдайтын, ақыл айтатын бір адам жоқ. Бұл мені адам екен демейді. Мені сыйламайды. Ұрып-соққаннан басқа ештеңе білмейді. Үйіміз де жоқ, квартирада жүреміз. Шаршап кеттім. Өмір бойы көрген күнім осы, деп көзіне жас алды.

Бағдарлама барысында ДНК сараптамасы жасалып, Мерей есімді үлкен қызы басқа адамнан болып шықты.Сәйкестік 0 пайыз болды. Оның әкесі өліп қалған дейді Эльнура.


Ал, "қалған екі бала да сенен емес, басқа еркектен болды", деп бет бақтырмағанымен, ДНК нәтижесінде кейінгі екі бала Қайраттың балалары болып шықты.

Бірақ, ерлі-зайыпты бір-бірінен құтылғанша асығып, тек ажырасуды көздегендері көрініп тұрды. Талай жыл алданып келген еркек алиментті төлеуге дайын екенін айтты.