Басқарма басшысы кәріз құдығына құлап кетіп, жоғалған баланы тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Басқарма басшысы кәріз құдығына құлап кетіп, жоғалған баланы тауып алды

Басқарма басшысы кәріз құдығына құлап кетіп, жоғалған баланы тауып алды

Қатты тоңып қалған бала ауруханаға жатқызылды

  • 29 Желтоқсан 2017
  • 308
Фото - Caravan.kz

Татарстанның Черемшан ауылында он жасар баланы іздеуге қатысқан ерікті әйел кәріз құдығына құлап кетіп, оны сол жерден тауып алды, деп жазды Sputnik Lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Құтқарушыларға баланың жоғалғаны туралы 24 желтоқсан күні Черемшан ІІБ-нің кезекші бөлімі хабарлаған. Іздеуге өрт сөндірушілер, полицейлер мен ерікті ретінде 120 ауыл тұрғыны қатысты. Олардың арасында Черемшан ауданы Азаматтық қорғау басқармасының бастығы Гулия Яруллина да болды.  

Жаңадан салынып жатқан көп қабатты үйлердің аумағында Яруллина үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен. Ол бұрқасыннан құдықтың қақпағы ашық жатқанын көрмей қалған. Ерікті әйел төменнен жоғалған баланы тауып алады. 

"Бала айқалай-айқалай әбден әлсіреген, содан мұзға жатып, ұйықтап қалған", — деп жазылған хабарламада.


Бел омыртқасын сындырып алған Яруллина ауруханаға жатқызылды, бала да дереу ауруханаға жеткізілді, ол қатты тоңып қалған. Дәрігерлер іздеу тобы бір сағат кешіккенде бала үсіп өлетін еді деп отыр.   

Перейти к новостям спорта