«Басшылар жылына миллиондап премия алады»: Депутат Ринат Зайытов халықтың табысын көтеру керектігін ашып айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Басшылар жылына миллиондап премия алады»: Депутат Ринат Зайытов халықтың табысын көтеру керектігін ашып айтты

«Басшылар жылына миллиондап премия алады»: Депутат Ринат Зайытов халықтың табысын көтеру керектігін ашып айтты

Танымал айтыскер ақын, қазіргі таңда мәжіліс депутаты Ринат Зайытов халықтың табысын көтерудің жолдарын мәлімдеді.

  • 12 Қыркүйек 2023
  • 1086
Фото - Caravan.kz


Айтуынша, халықтың табысы кем дегенде 300 мың теңге болуы керек, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы Зайытов кезекті рет журналист сұрағына жауап берген кезде айтты.

«Есептесін министрліктер, меніңше 300 мың болу керек. Қалай көтере алмайды? Сіз ұлттық компаниялардың басшылары, орынбасарлары жылына қанша премия алатынын білесіз бе? Жүздеген миллиондап алады, неге соны ретке келтірмейді? Мен түрлі жол тауып беремін, ненің есебінен көтеруге болатынын, мен ғана емес, жалпы, бүкіл депутаттар. Мемлекеттің шығынын қысқарту емес, бұл тек сандарды ойнату. Ақыры қымбатшылықпен күресе алмасақ, біз халықтың табысын көтеріп беруіміз керек», — деді депутат.