Олай істемеген жағдайда қызметкерлерде ішкі қарсылық туындап, соның салдарынан жиі ауыратын болады-мыс. Зерттеу — басшының мінезі қызметкердің денсаулығына әсер ететінін көрсеткен.
Зерттеуге 220-дан астам адам қатысқан. Ғалымдар олардың оған дейін қанша рет және қандай аурулармен ауырғанын, басшыларымен қандай қарым-қатынаста болғанын зерттеген. Нәтижесінде басшысы қатал қызметкерлердің жиі ауырғаны белгілі болған, деп жазады argumenti.ru.