Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
«Шамамен қала мектептерінде 1-ден 11-сыныпқа дейін 280 мыңнан астам бала оқиды. Бүгінде 30 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады», — деді Л. Жылқыбаева.
Білім басқармасының басшысы мектептерде белсенді дайындық жүріп жатқанын, денсаулығына байланысты емделіп жүргендерді қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің 100% екпе алғанын атап өтті.
«Біз балалардың офлайн режимінде оқуын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді салып жатырмыз, өйткені мұғалімдер мен оқушылар арасындағы тікелей қарым-қатынасты ештеңе алмастыра алмайды. Бүгінде барлық білім беру ұйымдары Ashyq жобасының қатысушылары және қажетті мөлшерде дезинфекциялаушы және антисептикалық заттармен қамтамасыз етілген», — деп қосты Л. Жылқыбаева.
Дәстүрлі оқыту форматына көшу қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылатын болады.
«Мектептерде температураны өлшеу, визуалды тексеру, желдету, кварц, тазалау, ішу режим, есік тұтқаларын антисептикпен өңдеу, дәретхананы дымқыл тазалау әр 2-3 сағат сайын жүргізіледі», — дейді Білім басқармасының басшысы.
Сонымен қатар, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларының мектепке бөлек (балалар әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін мектепке әр түрлі кіреберістен жіберіледі) кіруі қарастырылған.
Л. Жылқыбаева Алматыда оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар сақталғанын баса айтты. Сонымен бірге классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен мектепке баруға рұқсат етіледі.
Айта кетерлігі, биыл Білім күні мектеп аумағында линейка форматында ашық аспан астында барлық мектептердің 1-сынып оқушыларына арналған Әліппе/Букварь тапсыруымен өтеді. 2-11 сынып оқушылары үшін бекітілген аудиторияларда сынып сағаты өтеді.