Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp бейсенбі күні 3,25 тармаққа төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp бейсенбі күні 3,25 тармаққа төмендеді

Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp бейсенбі күні 3,25 тармаққа төмендеді

Алдыңғы қатарлы шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауданың қорытындысы бойынша басты экспорттық тауарлар құнының индексі KZ_Exp 1020,64 тармақты құрады.

  • 15 Шiлде 2011
  • 407
Фото - Caravan.kz

Осының алдындағы сауда күніне қатысты индекстің мәні 3,25 тармаққа төмендеді.

Лондонда бейсенбі күнгі саудада алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің құны $0,46/баррельге арзандап, индексті 3,45 тармаққа төмендетті. Мыс, мырыш, алюминий және қорғасын бағаларының да арзандауы көрсеткішті тағы 0,13 тармаққа төмендетті. Алтын мен күмістің біршама қымбаттауы ғана индекске 0,33 тармақ көлемінде қолдау көрсетті.

Индекс күн сайын Қазақстан үшін сегіз негізгі шикізат келісімшартының биржадағы бағасының негізінде қалыптасады, бұл – мұнай, мыс, алтын, мырыш, алюминий, күміс, қорғасын, уран.

Іс жүзінде индекстің мәні аталған тауарлардың бір тоннасының эскпортының орташа құнын көрсетеді. Аталған тауарлар 2010 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық экспорттың баға көрсеткішінің 75,5% бойынша қалыптасты.

Аталған биржалық тауарлардың бағаларының қалыптасуы мөлдір және ол шетелдік биржаларда жүзеге асырылады. Отандық өндірушілердің келісімшарттары белгілі бір деңгейде шикізат биржаларындағы бағаларға байланысты. Осылайша, бұл индекс қазақстандық экспорт бағасының күн сайынғы өзгеру қарқынын көрсетеді.

Сәйкесінше, бұл индекс елімізге экспорттық түсімдер мен негізгі экспорттаушы-компаниялардың қаржылық жағдайын бағалау құралы бола алады. Бұл көрсеткіш макроэкономикалық көрсеткіштердің қайсысына қысым туындап отырғанын көрсете алады.

Индексті есептеу базасы ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің экспорттық-импорттық статистикасы болып табылады.