Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp сәрсенбі күні 28,51 тармаққа өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp сәрсенбі күні 28,51 тармаққа өсті

Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp сәрсенбі күні 28,51 тармаққа өсті

Алдыңғы қатарлы шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауданың қорытындысы бойынша басты экспорттық тауарлар құнының индексі KZ_Exp 972,08 тармақты құрады.

  • 30 Маусым 2011
  • 331
Фото - Caravan.kz

Осының алдындағы сауда күніне қатысты индекстің мәні 28,51 тармаққа өсті.

Индекстің өсуіне негізінен сәрсенбі күні Лондонда Brent сұрыпты мұнай бағасының $108,78/баррельден $112,4/баррельге дейінқымбаттауы әсер етті. Индекстің мұнай құрамдасы көрсеткішті бірден 27,14 тармаққа көтеріп жіберді. Қалған шикізат келісімшарттарының қымбаттауы индекске 1,37 тармақ қосты.

Индекс күн сайын Қазақстан үшін сегіз негізгі шикізат келісімшартының биржадағы бағасының негізінде қалыптасады, бұл – мұнай, мыс, алтын, мырыш, алюминий, күміс, қорғасын, уран.

Іс жүзінде индекстің мәні аталған тауарлардың бір тоннасының эскпортының орташа құнын көрсетеді. Аталған тауарлар 2010 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық экспорттың баға көрсеткішінің 75,5% бойынша қалыптасты.

Аталған биржалық тауарлардың бағаларының қалыптасуы мөлдір және ол шетелдік биржаларда жүзеге асырылады. Отандық өндірушілердің келісімшарттары белгілі бір деңгейде шикізат биржаларындағы бағаларға байланысты. Осылайша, бұл индекс қазақстандық экспорт бағасының күн сайынғы өзгеру қарқынын көрсетеді.

Сәйкесінше, бұл индекс елімізге экспорттық түсімдер мен негізгі экспорттаушы-компаниялардың қаржылық жағдайын бағалау құралы бола алады. Бұл көрсеткіш макроэкономикалық көрсеткіштердің қайсысына қысым туындап отырғанын көрсете алады.

Индексті есептеу базасы ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің экспорттық-импорттық статистикасы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар