Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp сәрсенбі күні 6,9 тармаққа көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp сәрсенбі күні 6,9 тармаққа көтерілді

Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp сәрсенбі күні 6,9 тармаққа көтерілді

Алдыңғы қатарлы шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауданың қорытындысы бойынша басты экспорттық тауарлар құнының индексі KZ_Exp1014,84 тармақты құрады.

  • 9 Маусым 2011
  • 362
Фото - Caravan.kz

Осының алдындағы сауда күніне қатысты индекстің мәні 6,9 тармаққа төмендеді.

Сәрсенбі күні Brent сұрыпты мұнай бағасы 1,07 долларға көтерілді, бұған қоса, қорғасын да қымбаттап, индексті 8,04 тармаққа ұлғайтты. Қалған экспорттық шикізат келісімшарттарының бағалары арзандап, көрсеткішті тармаққа 1,14 төмендетті.

Индекс күн сайын Қазақстан үшін сегіз негізгі шикізат келісімшартының биржадағы бағасының негізінде қалыптасады, бұл – мұнай, мыс, алтын, мырыш, алюминий, күміс, қорғасын, уран.

Іс жүзінде индекстің мәні аталған тауарлардың бір тоннасының эскпортының орташа құнын көрсетеді. Аталған тауарлар 2010 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық экспорттың баға көрсеткішінің 75,5% бойынша қалыптасты.

Аталған биржалық тауарлардың бағаларының қалыптасуы мөлдір және ол шетелдік биржаларда жүзеге асырылады. Отандық өндірушілердің келісімшарттары белгілі бір деңгейде шикізат биржаларындағы бағаларға байланысты. Осылайша, бұл индекс қазақстандық экспорт бағасының күн сайынғы өзгеру қарқынын көрсетеді.

Сәйкесінше, бұл индекс елімізге экспорттық түсімдер мен негізгі экспорттаушы-компаниялардың қаржылық жағдайын бағалау құралы бола алады. Бұл көрсеткіш макроэкономикалық көрсеткіштердің қайсысына қысым туындап отырғанын көрсете алады.

Индексті есептеу базасы ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің экспорттық-импорттық статистикасы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар