Жарияланды: 580

Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp сейсенбі күні 13,2 тармаққа көтерілді

Алдыңғы қатарлы шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауданың қорытындысы бойынша басты экспорттық тауарлар құнының индексі KZ_Exp1008,7 тармақты құрады.

Осының алдындағы сауда күніне қатысты индекстің мәні 13,2 тармаққа көтерілді. Сейсенбі күнгі саудада мұнай бағасы 2,05долларға қымбаттап, индексті 15,37 тармаққа көтеріп жіберді. Мыс, алтын, мырыш, күміс бағалары да өсіп, көрсеткішке 0,5 тармақ қосты. Алюминий мен қорғасынның арзандауы көрсеткішке 2,67 тармақ көлемінде теріс әсер етті. Индекс күн сайын Қазақстан үшін сегіз негізгі шикізат келісімшартының биржадағы бағасының негізінде қалыптасады, бұл – мұнай, мыс, алтын, мырыш, алюминий, күміс, қорғасын, уран. Іс жүзінде индекстің мәні аталған тауарлардың бір тоннасының эскпортының орташа құнын көрсетеді. Аталған тауарлар 2010 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық экспорттың баға көрсеткішінің 75,5% бойынша қалыптасты. Аталған биржалық тауарлардың бағаларының қалыптасуы мөлдір және ол шетелдік биржаларда жүзеге асырылады. Отандық өндірушілердің келісімшарттары белгілі бір деңгейде шикізат биржаларындағы бағаларға байланысты. Осылайша, бұл индекс қазақстандық экспорт бағасының күн сайынғы өзгеру қарқынын көрсетеді. Сәйкесінше, бұл индекс елімізге экспорттық түсімдер мен негізгі экспорттаушы-компаниялардың қаржылық жағдайын бағалау құралы бола алады. Бұл көрсеткіш макроэкономикалық көрсеткіштердің қайсысына қысым туындап отырғанын көрсете алады. Индексті есептеу базасы ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің экспорттық-импорттық статистикасы болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть