Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp сейсенбі күні 20,77 тармаққа өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp сейсенбі күні 20,77 тармаққа өсті

Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp сейсенбі күні 20,77 тармаққа өсті

Алдыңғы қатарлы шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауданың қорытындысы бойынша басты экспорттық тауарлар құнының индексі KZ_Exp 943,58 тармақты құрады.

  • 29 Маусым 2011
  • 323
Фото - Caravan.kz

Осының алдындағы сауда күніне қатысты индекстің мәні 20,77 тармаққа өсті.

Сейсенбі күнгі саудада Лондонда алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің бағасы $108,78/баррельге дейін жетті, бұл индекске 20,92 тармақ қосты. Мыс пен уран бағаларының арзандауы көрсеткішті 0,21 тармаққа төмендетті. Қалған шикізат келісімшарттарының қымбаттауы индекске 0,06 тармақ көлемінде қолдау көрсетті.

Индекс күн сайын Қазақстан үшін сегіз негізгі шикізат келісімшартының биржадағы бағасының негізінде қалыптасады, бұл – мұнай, мыс, алтын, мырыш, алюминий, күміс, қорғасын, уран.

Іс жүзінде индекстің мәні аталған тауарлардың бір тоннасының эскпортының орташа құнын көрсетеді. Аталған тауарлар 2010 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық экспорттың баға көрсеткішінің 75,5% бойынша қалыптасты.

Аталған биржалық тауарлардың бағаларының қалыптасуы мөлдір және ол шетелдік биржаларда жүзеге асырылады. Отандық өндірушілердің келісімшарттары белгілі бір деңгейде шикізат биржаларындағы бағаларға байланысты. Осылайша, бұл индекс қазақстандық экспорт бағасының күн сайынғы өзгеру қарқынын көрсетеді.

Сәйкесінше, бұл индекс елімізге экспорттық түсімдер мен негізгі экспорттаушы-компаниялардың қаржылық жағдайын бағалау құралы бола алады. Бұл көрсеткіш макроэкономикалық көрсеткіштердің қайсысына қысым туындап отырғанын көрсете алады.

Индексті есептеу базасы ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің экспорттық-импорттық статистикасы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар