Жарияланды: 330

Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp сейсенбі күні 4,74 тармаққа төмендеді

Алдыңғы қатарлы шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауданың қорытындысы бойынша басты экспорттық тауарлар құнының индексі KZ_Exp 961,52 тармақты құрады.

Осының алдындағы сауда күніне қатысты индекстің мәні 4,74тармаққа төмендеді. Brent сұрыпты мұнай бағасыарзандауын жалғастырды. Сейсенбі күнгі саудада мұнай $110,95/баррельге дейін арзандады, алюминий бағасы да төмендеді, бұл көрсеткішке 5,57 тармақ көлемінде кері әсер етті. Қалған шикізат келісімшарттарының қымбаттауы көрсеткіштің мәніне 0,83тармақ қосты. Индекс күн сайын Қазақстан үшін сегіз негізгі шикізат келісімшартының биржадағы бағасының негізінде қалыптасады, бұл – мұнай, мыс, алтын, мырыш, алюминий, күміс, қорғасын, уран. Іс жүзінде индекстің мәні аталған тауарлардың бір тоннасының эскпортының орташа құнын көрсетеді. Аталған тауарлар 2010 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық экспорттың баға көрсеткішінің 75,5% бойынша қалыптасты. Аталған биржалық тауарлардың бағаларының қалыптасуы мөлдір және ол шетелдік биржаларда жүзеге асырылады. Отандық өндірушілердің келісімшарттары белгілі бір деңгейде шикізат биржаларындағы бағаларға байланысты. Осылайша, бұл индекс қазақстандық экспорт бағасының күн сайынғы өзгеру қарқынын көрсетеді. Сәйкесінше, бұл индекс елімізге экспорттық түсімдер мен негізгі экспорттаушы-компаниялардың қаржылық жағдайын бағалау құралы бола алады. Бұл көрсеткіш макроэкономикалық көрсеткіштердің қайсысына қысым туындап отырғанын көрсете алады. Индексті есептеу базасы ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің экспорттық-импорттық статистикасы болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін