Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp жұма күні 1,04 тармаққа көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp жұма күні 1,04 тармаққа көтерілді

Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp жұма күні 1,04 тармаққа көтерілді

Алдыңғы қатарлы шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауданың қорытындысы бойынша басты экспорттық тауарлар құнының индексі KZ_Exp 995,5 тармақты құрады.

  • 30 Мамыр 2011
  • 437
Фото - Caravan.kz

Осының алдындағы сауда күніне қатысты индекстің мәні 1,04 тармаққа көтерілді.

Жұма күні Brent сұрыпты мұнай бағасының арзандауынан болған теріс нәтиженің орнын қалған шикізат келісімшарттарының қымбаттауы толтырды.

Алюминий мен уран бағалары өзгерген жоқ.

Индекс күн сайын Қазақстан үшін сегіз негізгі шикізат келісімшартының биржадағы бағасының негізінде қалыптасады, бұл – мұнай, мыс, алтын, мырыш, алюминий, күміс, қорғасын, уран.

Іс жүзінде индекстің мәні аталған тауарлардың бір тоннасының эскпортының орташа құнын көрсетеді. Аталған тауарлар 2010 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық экспорттың баға көрсеткішінің 75,5% бойынша қалыптасты.

Аталған биржалық тауарлардың бағаларының қалыптасуы мөлдір және ол шетелдік биржаларда жүзеге асырылады. Отандық өндірушілердің келісімшарттары белгілі бір деңгейде шикізат биржаларындағы бағаларға байланысты. Осылайша, бұл индекс қазақстандық экспорт бағасының күн сайынғы өзгеру қарқынын көрсетеді.

Сәйкесінше, бұл индекс елімізге экспорттық түсімдер мен негізгі экспорттаушы-компаниялардың қаржылық жағдайын бағалау құралы бола алады. Бұл көрсеткіш макроэкономикалық көрсеткіштердің қайсысына қысым туындап отырғанын көрсете алады.

Индексті есептеу базасы ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің экспорттық-импорттық статистикасы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар