Бастығыңыз үш күн демалыс беруге міндетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бастығыңыз үш күн демалыс беруге міндетті

Бастығыңыз үш күн демалыс беруге міндетті

Біздің халық скринингтік тексерістің маңыздылығын сезінер емес, денсаулығына жауапкершілікпен қарамайды.

  • 9 Желтоқсан 2024
  • 17
Фото: pixabay.com

Қазақстандықтар еңбек демалысынан бөлек 3 күндік әлеуметтік демалыс ала алады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл демалыс емханада скрининг өтуге арналған. Және еңбек демалысына қатысы жоқ. Ол бөлек беріледі. Расымен, аталмыш әлеуметтік демалыстың маңыздылығы жоғары.

Қызметкерлерге әлеуметтік демалыс Қазақстан Еңбек кодексінің 87-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес беріледі. Қызметкерлерге (өзге де әлеуметтік демалыстардан басқа) бір жыл ішінде 3 жұмыс күнінен аспайтын мөлшерде скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс, сондай-ақ жүктіліктің 12 аптасына дейін медициналық есепке тұру үшін кемінде 3 жұмыс күні көлемінде демалыс беріледі.

Скринингтік зерттеулер халықтың нысаналы топтары арасында ауруларды ерте анықтау және аурулардың дамуын, аурулардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын болдырмау, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында жүргізіледі:

— сүт безі қатерлі ісігінің скринингі (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда 1 рет);
— жатыр мойны қатерлі ісігінің скринингі (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда 1 рет);
— колоректальды қатерлі ісікке скрининг (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер, 2 жылда 1 рет).
— сондай-ақ, қан айналымы жүйесінің негізгі аурулары (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы), қант диабеті, глаукома, сондай-ақ қауіп тобындағы адамдарда созылмалы В және С гепатиті бойынша скрининг бар.

Скринингтен өту үшін тұрғылықты жері (тіркелген жері) бойынша емханаға жүгіну қажет. Әрбір алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымында скринингтік кабинеттер бар. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.

Халық депутаттарға скринингтен өтуді міндеттейтін заң қабылдауды сұрап отыр. Айтуларынша, күнін әрең көріп жүрген халық өздігінен тексеріске бармайды. Ал санитарлық кітапша сияқты міндетті түрде өтуді міндеттесе нұр үстіне нұр болар еді. Қаншама халықтың жанын алдын алу арқылы аман алып қалар едік.

Тағы бір пікірге сүйенсек, қалада скрининг өту талай сұрақ туындатып отыр. Қала тұрғындары скрининг өту керек деп хабарлама немесе ескерту келмейтінін айтып шағымданып жатыр. Тіпті іздеп келетіндер де жоқ. Ал ауылда әрбір адамға скрининг өту маңыздылығы айтылып қана қоймай, соңынан жүгіріп өткізеді екен. Қаладан ауылдың адамдары бақытты дейді желі қолданушылары, себебі жыл сайын жас бойынша тұрақты түрде толық тексерістен өтіп тұрады.

Перейти к новостям спорта