Ол бүгінде баласының басы бес жерден сынғанын әрі оған шұғыл түрде шетелде ота жасау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.
«Білім басқармасы, мектеп директоры, бәрі маған операцияның ақшасын шығарып берсін. Ол операцияның қанша болатынын білмеймін, Қазақстанда сол операцияны жасай алмай тұр ғой сол? Таңертең дәрігерлер кіріп, айтыпты: «Біз тәуекелге бармаймыз» деп. Баланың жағдайы қазір қалай жақсы болады? Ес-түсіне келіп тұр, қазір комада деп ешкім айтып жатқан жоқ оны. Бірақ операция жасалмағаннан кейін, қалай оны жақсы деп айта аламын мен? Басы бес жерден сынған. Кеше айтуынша, бір жерден сынған көздің үсті, ол жерге «кусок» сүйек тұрып қалған. Соны ала алмап еді олар операция істеп, бүгін айтып тұр, көздің жаны да сынған деп. Күннен күнге жаңалық шығып келе жатыр, соны бір күнде істесе болмады ма?… Тісім ауырып тұр деп айтады дейді, бетпен құлағаннан кейін, әрине тіске де зақым келді.
Маған айтулары бойынша бала 17:10 кезінде құлаған. Бізге хабар бергені 17:50. 40 минуттан кейін бізге хабар беріп отыр. Скорый шақырған, 17:10-да, скорый 6-дан аса келген. Бір сағаттан соң келген. Мен әкімдікке хабарластым, сосын барып келді жедел-жәрдем. Және келген скорый үкіметтікі де емес, жекеменшік болған. Үкіметте сонша скорый болып, соның бірі келмеген», — деп ашынды баланың әкесі.