Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Сәлем достар! Шашымның жағдайы осылай болды. Қалай ойлайсыздар, осылай қалдырайын ба, өсірейін бе?" — деді Иманбаева.
Кадрдан актрисамен бірге Жұлдыз Әбдікәрімованы байқауға болады.
"Аман болса басыңыз, өсер әлі шашыңыз", — деп күледі ол.
Қос өнер иесі түсірілім алаңында бас қосқан ұқсайды. Дегенмен, желі қолданушылары Иманбаеваның қалжыңын орынсыз деп бағалады. Оқырмандар арасында Айгүлдің айтқанын шынайы қабылдап, тіпті ол үшін алаңдап қалғандар бар.
"Онкология ма?", "Аман-саусыз ба?", "Не істеп жүрсіз? Тентек болдыңыз ба?", "Расымен алып тастадыңыз ба?", "Биттеп кеткен жоқ па?", "Танымай қалдым", — деп жазды желі қолданушылары.