"Басым жарылып, ауруханадан бір-ақ шықтым": Бахыт Шадаева алғаш рет бұрынғы күйеуі жайлы ел білмейтін құпиясымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Басым жарылып, ауруханадан бір-ақ шықтым": Бахыт Шадаева алғаш рет бұрынғы күйеуі жайлы ел білмейтін құпиясымен бөлісті

"Басым жарылып, ауруханадан бір-ақ шықтым": Бахыт Шадаева алғаш рет бұрынғы күйеуі жайлы ел білмейтін құпиясымен бөлісті

Әнші, эстрада жұлдызы Бахыт Шадаева жеке өміріне қатысты құпиясымен бөлісті.

  • 9 Қаңтар
  • 3090
Фото - Caravan.kz

Әнші үш некесі де сәтсіз аяқталғанын мойындады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл туралы ол "Менің өмірім" бағдарламасында айтты. 

"Екінші жолдасымды 10 жылдан кейін кездестірдім. Білімді, өте жақсы жігіт деп ойладым. Ол заң саласында сот болып істейді. Ол да ажырасқан. Екінші жолдасым туысқандарымен бірге үйге құда түсіп келді. Алайда мен олардың қатты асыққандарына таңғалдым, себебі менің гастрольден келген кезім, екеуміз аса сөйлесіп те үлгерген жоқпыз. Анам менің өнер жолында жүргенімді, менің халықтың қызы екенімді, барлығын түсіндіріп айтты. Олар бәрін білетінін, түсінетінін жеткізді. Солай үйлендік, мен де қуандым. Әрбір әйел бақытты болуға лайықты. Біз балаларымыз болса да, отбасылы болғанды қалаймыз. Олардың көз алдарында да жанұялы, жанында қорғаушысы бар адам болып көрінгіміз келеді.

Тойдан кейін Қарағандыға барып тұрдық. Жолда кетіп бара жатқанда телефоныма тыным жоқ, адамдар хабарласып жатыр. Бір уақытта бір кісі қоңырау шалып қалды да, "Бақыт Шадаевасыз ба? Мен шынымен Бақыт Шадаеваның даусын естіп тұрмын ба? Мен сізді қатты жақсы көремін" деді. Қасымда жолдасым келе жатыр. Мен сасқанымнан рақмет айтып жатырмын. Сол сәтте ол қолымнан телефонымды жұлып алып, көліктің ішінде сындырып жіберді. Мен не болып қалды деп, ештеңе түсінбей қалдым. Оның қылығынан қорқып кеттім. Оның көзі аларып кеткен, "сені жақсы көрем деп жатса, сен оған мәзсің" деді. Осындай қызғанышынан мен бірнеше рет ауруханаға түстім. Үшінші рет қол көтеріп, басымды соққан кезде мен бұған шыдап тұра алмаймын дедім", – деп ағынан жарылды әнші.