"Басымды қатырмаңыздар": Мас күйінде елдің алдына шыққан Мақпал Жүнісованың тағы да масқарасы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Басымды қатырмаңыздар": Мас күйінде елдің алдына шыққан Мақпал Жүнісованың тағы да масқарасы шықты

"Басымды қатырмаңыздар": Мас күйінде елдің алдына шыққан Мақпал Жүнісованың тағы да масқарасы шықты

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, халықтың ерке қызы желі қолданушыларының алдында мас күйінде шығып, елден оңбай сөз естіді.

  • 9 Қыркүйек
  • 14259
Фото - Caravan.kz

Әнші оқырмандарынан кешірім сұраудың орнына, оларға дөрекі сөйледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әнші бұл туралы өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

Желіге қатарынан екі видео жүктеген ол, бастапқыда өзінің шаршап жүргенін мәлімдеді. Сосын көпшілік оның бұл күйін әрі мас болып желіге шыққанын көріп, сынаған көрінеді. Өнер иесі бұған ашуланып, «ішімдік емес, қымыз ішкенін» айтқан.

Десе де халық бұған да сенбей, әншіге мұндай күйде мүлдем желіге шықпауын сұраған. Мақпал Жүнісова видеоны өшірмеймін деп мәлімдегенімен, кейін екі видеоны да желідегі парақшасынан алып тастаған.

Сосын Instagram-дағы Stories бөлімінде оқырмандарға тағы да жауап берді.

«Бәрі жақсы, видеоны алып таста дейтін адамдарға алып тастадым. Ал, не өзгерді? Мен алып тастасам, өмірлеріңіз өзгеріп кете ме? Бәрібір жүрегімде не айтқым келді, соны айттым. Алып тастаңызды деп айтыпсыздар, сосын алдым. Содан мен немене, алтын болып кетем бе? Басымды катырмаңыздаршы», — деп жазды әнші.