«Басын кесіп тастаған»: Келінін айуандықпен өлтірген ер адамға сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Басын кесіп тастаған»: Келінін айуандықпен өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

«Басын кесіп тастаған»: Келінін айуандықпен өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

Өзбекстанда келінін айуандықпен өлтірген 64 жастағы ер адам 13 жылға сотталды.

  • 12 Сәуiр 2023
  • 318
Фото - Caravan.kz

Ферғана облысының аудандық соты облыстың 64 жастағы тұрғынына қатысты үкім шығарды. Ол «Ауырлататын мән-жайлармен қасақана кісі өлтіру» және «Қабірді қорлау» баптары бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы  Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Rodrobno.uz мәліметінше, сот шешімімен зейнеткер 13 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Іс материалында көрсетілгендей, жантүршігерлік оқиға өткен жылдың қазан айында ер адам жанжалдасып, келінін соққыға жыққан. Жас келіншек есінен танып қалған, содан кейін қайын атасы оны көлікке отырғызып, тау етегіне алып кеткен.


Сол жерде ол келінінің басын асхана пышағымен кесіп, мәйітті қоқыс төгетін жерге лақтырып жіберген. Зейнеткер мәйіттің кесілген бөлігін сөмкеге салып, жол жиегіне іліп кеткен.