"Басына зақым келген": Жол апатына түскен Сиви Махмұдидің жағдайын Асхат Садырбай айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Басына зақым келген": Жол апатына түскен Сиви Махмұдидің жағдайын Асхат Садырбай айтып берді

"Басына зақым келген": Жол апатына түскен Сиви Махмұдидің жағдайын Асхат Садырбай айтып берді

Жол апатына түскен Сиви Махмұдидің жағдайын Асхат Садырбай айтып берді.

  • 5 Қыркүйек 2019
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Танымал әнші осыдан біраз күн бұрын жол апатына түсіп, жарақат алғаны белгілі болған. Бұл жаңалықты естіген әншінің тыңдармандары қатты шошып кеткен болатын. Өзінің көлігімен екінші бір көлікке соғылып қалған Сиви Махмұдидің қазіргі жағдайы қалыпты екен. Бұл туралы Асхат Садырбай айтып берген болатын.

Журналист өнер иесінің анасымен тікелей байланысқа шыққанын жеткізіп, мәселенің мән-жайын біліп отыр. Оның айтуынша Сиви ханымның басы мен бұғанасына зақым келген. Қазіргі таңда әнші үйінде ем алып, жеке дәрігердің жіті қадағалауында. 

"Сивидің анасы Анар апаймен сөйлестім. Ол кісіден жағдайдың барлығын сұрап, білдім. Ешқандай алып-қашпа әңгіме жүгіртудің қажеті жоқ. Өйткені екі қолы сынбаған, тек бұғанасына зақым тиген, басына зақым келген. Енді соққы болғаннан кейін оңай емес адамға. Екі қолы сынып, басы жарылған деген ақпарат жалған", — дейді Асхат Садырбай.