"Басында Украина әскерінде фашисттік белгілер болды": Кезінде Ресейді қолдаған Бүркіт енді Ринат туралы пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Басында Украина әскерінде фашисттік белгілер болды": Кезінде Ресейді қолдаған Бүркіт енді Ринат туралы пікір білдірді

"Басында Украина әскерінде фашисттік белгілер болды": Кезінде Ресейді қолдаған Бүркіт енді Ринат туралы пікір білдірді

Бүркіт лақап атымен танымал әнші Айбек Жансеитов Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытовтың қоғамда дау тудырған  "Алаяқтық жасайтындардың 80% намаз оқитындар", деген мәлімдемесіне пікір білдірді.

  • 2 Қазан 2023
  • 294
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Ринаттың олай айтқаны да дұрыс емес. Бірақ, оның сөзіне реакция беріп жатқандар да дұрыс емес. Нағыз мұсылман, нағыз намаз оқитын адам ешқашан ондай нәрсеге реакция бермейді. Мен ондай нәрсеге ешқашан жазып, пікір білдірмеймін. Нұртас Адамбай және т.б жазып ақпараттық конфликт болып кетті. Ринат ініміз, бауырымыз, ол да қателескен шығар, жас қой. Мінсіз адам жоқ, бәріміз қателесіп, артық сөйлеп қоямыз. Мен бұл жерде Ринат қателесті деп ойлаймын, 80% деп бүкіл намаз оқитын мұсылмандарға олай айтуға құқы жоқ.Сондықтан барлығын сыпайылап жеткізу керек", — дейді ол. 

Әнші бір кездері Ресей мен Украина соғысында Ресейді қолдағанымен, қазіргі таңда пікірі өзгергенін жасырмады.


"Басында Украина әскерінде фашисттік белгілер болды. Ол — факт. Бәрінде деп айта алмаймын. Себебі, украин халқы өте жақсы халық. Бір жағынан Ресейдікі дұрыс шығар, ауруды алдын алып жатқан шығар деп ойладым. Бірақ, кейіннен пікірім өзгерді. Қателеспесем, былтыр тамыз айында Донбасс пен Луганск референдум жасап, Ресейдің құрамына кіріп кетті. Сол кезде пікірім өзгерді. Қалай біреудің территориясын алып кетесің, дұрыс емес. Аталарымыз фашисттермен соғысып келді ғой. Сол үшін мен басында Украина дұрыс, Ресей дұрыс емес деп айта алмадым. Бірақ, былтырдан бері пікірім өзгерді", — дейді әнші.