Жарияланды: 480

Батуттар мәселесі Мәжіліс мінберінде көтерілді

Батуттар мәселесі Мәжіліс мінберінде көтерілді. Депутат Бақыт Сыздықова Үкіметтен балалар аттракциондарын міндетті түрде сертификациядан өтуі тиіс қызмет пен тауар қатарына енгізу туралы заң жобасын дайындауды жылдамдатуды сұрады.   

Бақыт Сыздықова, Мәжіліс депутаты:

- Біз балалар құқығы жайында тек бір оқыс оқиға болған кезде немесе мереке күні ғана есімізге түсіреміз. Биылғы жылдың қаңтар айында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде жұмыс тобы құрылып, балалар аттракциондарын міндетті сертификациялаудан өтуі тиіс тауарлар мен қызметтер қатарына қосу туралы заң жобасын  дайындауы тиіс еді ғой.

Депутат Сыздықова өткен айда болған екі оқиғаны еске салды. Бірінші жағдайда Алматыдағы саябақтардың бірінде 4 жасар қызды электромобиль қағып кетсе, екінші оқиға Маңғыстау облысында орын алды. Онда жердегі қазыққа байланбаған батут дауылдан аударылып, 14 баланы басып қалған болатын. Балалар ауыр жарақат алып, бір сәби әлі комада жатыр. Сондай-ақ аттракциондарды СЭС, Төтенше жағдайлар қызметтерінің де тексеруге құқылары жоқ. Депуттатың айтуынша, жарақаттануды былай қойғанда, балалар  батуттан түрлі тері ауруларын жұқтырып жатқан көрінеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін