Батырхан Шүкенов Сафар Шәкеевтің кіндік әкесі болған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батырхан Шүкенов Сафар Шәкеевтің кіндік әкесі болған

Батырхан Шүкенов Сафар Шәкеевтің кіндік әкесі болған

 

  • 29 Шiлде 2016
  • 484
Фото - Caravan.kz

 

Сафардың жақын достары оны  өткен жылдың сәуірінде қайтыс болған Батырхан Шүкеновтің жанына жерлегенін айтты, деп хабарлайды stan.kz сайты Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

«Сафарды  бүгін Кеңсайдағы өзінің кіндік әкесі Батырхан Шүкеновтің жанына жерледі»,-дейді достары.

Сафар Шәкеевтің арманы жайлы оның жақын достарының бірі  Рүстем  Тореғалиев айтып берді.

«Сафар менің ең жақын досым еді. Ол мені Алматыға жұмысқа шақырған еді. Жұмыс барысында біз жақын дос болып кеттік. Сөзбен жеткізу мүмкін емес… Біз өте көңілді, ашық, болашаққа деген жоспары көп адамнан айырылып қалдық. Ол отанын, жақындарын, өмірді шексіз сүйетін. Оның мамандығы режиссер. Кино саласында жоспары көп еді. Қазір бірге бастаған істерімізді өзіміз аяқтауды жоспарлап жатырмыз. 11 күн бойы оны іздеген кезде  үмітімізді сөндірмей, оны тірі деп келдік. «Өзеннен адам денесі табылды. Ол- Сафар» деген сәтте де сенбедік. Өте өкінішті»,-деп көзіне жас алды Сафардың досы  Рүстем.


Есте болса, Сафардың денесі 28 шілде күні Есентай өзенінен  табылған еді. Сүңгуірлер оны судан алып шыққан кезде шалбарының қалтасынан табылған құжаттарына қарап бірден кім екенін анықтаған.