Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Əзірбек хабарлады.
"Ілия Əбдірашитов 16 тамызда таңғы сағат 4-те пəтердің терезесінен құлап кеткен. Қазір тергеу амалдары жалғасуда. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Мүрде қалалық мəйітханаға жеткізілді", — деді баспасөз хатшысы С.Əзірбек.
Ілия Əбдірашитов бүгін Боралдай зиратына жерленді.
Айта кетейік, жас суретшінің қазасы шығармашылық қауым ортасында үлкен толқу тудырды. Оның əріптестері Фейсбук əлеуметтік желісінде көңіл айту посттарын жариялауда.