Батырхан Шүкеновтің жаңа ән жинағы жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батырхан Шүкеновтің жаңа ән жинағы жарық көрді

Батырхан Шүкеновтің жаңа ән жинағы жарық көрді

Алматыда белгілі әнші Батырхан Шүкеновтің «Аманат» атты жаңа ән жинағы жарық көрді. Онда марқұм музыканттың ана тілінде орындаған әрі бұрын көпшілікке көп жария болмаған он әні жазылған.

  • 2 Желтоқсан 2015
  • 244
Фото - Caravan.kz

Ән жинағын құрастырушылардың айтуынша, Батырханның өз орындауындағы бүкіл шығармалары әлі үш бірдей жинаққа жетерліктей екен. «Отан Ана» секілді туған тіліндегі әндерден үнтаспа жазуды әншінің өзі де армандап өтіпті. Көзі тірісінде онымен сырлас болғандар музыканттың армандаған ісін аяғына дейін жеткізуді қолға алыпты. Айтуларынша, бұл тек үлкен істің басы ғана. Алдағы жылы Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы жеті күндік фестиваль өткізу жоспарда тұр. Одан бөлек, әншіге арналған мәдени орталықтың құрылысы бой көтермек.

Олжас Байқанов, Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қордың директоры:

Бұл жинаққа әлі де біраз әсерлі әндер енгізуге болар еді. Батырдың тағы екі әнін жазғымыз келген. Бірақ ол бұларды толық жазып үлгермей кетті. Сөйтіп, оның екі әні сол күйі кірмей қалды. Ал былай, әдемі шықты. Менің өзім апта бойы жалықпастан тыңдап жүрмін. 

Соңғы жаңалықтар