Батырлар жыры эксклюзивті басылым болып шығуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батырлар жыры эксклюзивті басылым болып шығуы мүмкін

Батырлар жыры эксклюзивті басылым болып шығуы мүмкін

Алдағы уақытта біз қазақ халқының батырлар жырын эксклюзивті басылым ретінде шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл туралы астаналықтарға «Абай» кітабының эксклюзивті нұсқасын таныстырған «А» баспа үйінің директоры Дина Әбдәкімова мәлім етті.

  • 28 Ақпан 2013
  • 456
Фото - Caravan.kz


«Батырлар жырының тәрбиелік мәні зор ғой. Соны жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа жеткізе білуіміз керек. Ол үшін осы «Абай» сияқты эксклюзивті басылымдарды көптеп шығару қажет», — дейді Д. Әбдәкімова. Бүгінде «А» баспа үйінің бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық тарихында тұңғыш рет Абайдың қара сөздері эксклюзивті басылым болып жарыққа шығып отыр. Оның ерекшелігі сол, кітаптың мұқабасы терімен түптеліп, күміспен күптелген. Ал басылым беттері ескірмейтін арнайы қағаздан жасалып отыр. «Осының арқасында ғана халқымыздың бай мәдени мұрасы мыңжылдықтарға шыдап, ұрпақтан-ұрпаққа жете алады», — деп атап көрсетті Д. Әбдәкімова.

Перейти к новостям спорта