Батырмасы бар түрме:Тексерушілер Алматыдағы студенттік жатақхананы көріп жағаларын ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батырмасы бар түрме:Тексерушілер Алматыдағы студенттік жатақхананы көріп жағаларын ұстады

Батырмасы бар түрме:Тексерушілер Алматыдағы студенттік жатақхананы көріп жағаларын ұстады

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері мен Алматы әкімдігінің қызметкерлері, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының мүшелері және журналистер студенттер тұратын бірнеше жатақханаларды тексеріп шықты.

  • 20 Қыркүйек 2018
  • 76
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Андрей Андреев есімді facebook қолданушысына сілтеп хабарлайды. 

Алдымен олар Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың жатақханасына барған. Бұл қорқынышты ғимарат студенттер демалып, сабаққа дайындалатын жерге емес түрмеге ұқсайды, дейді тексерушілер.

«Студенттер барлық жерде жертөлелерде, 7 адам болып оқу залдарында, тіпті сымы шығып, құрал-жабдықтар тұрған қоймада да тұрады. Ғимараттың өзі адам шошырлық, іші қорқынышты фильмдегі бөлмелер секілді»,- дейді Андреев.

Білдей университетте білім алатын студенттер сылағы түскен, есіктері бұзылып, тесілген, не пердесі жоқ, мүлде жағдай жасалмаған жатақханада тұрып келеді. Жатақханадағы бөлмелерде резеткілер жұлыпын жатқан көрінеді. Ал, оның салдарынан абайсызда өрт тұтануы әбден мүмкін емес пе?

Студенттер тіпті, әйнегі сынған пеште тамақ әзірлеп жүр. Тексерушілер, жатақханада өртке қарсы жағдайдың жоғын айтып ашуланды. Бетін ары қылсын, бірақ дабыл жүйесі орнатылмаған ғимаратта өрт шықса студенттерге бөлмеден шығу қиын болмақ.


Жатақханада тоңазытқыш жоқ болғандықтан студенттер азық-түлікті еденге қоюға мәжбүр болып жүр. Бір сөзбен айтқанда ғимарат санитарлық жағдайға лайық емес.

«Дәретханалар мен душ туралы айтудың өзі ұят. Студенттер қара түнек басқан, терезесінің әйнектері сынған жерде жуынып жүр. Бірақ, ең сорақысы жатақханада тұратындар киімдерін ақша төлеп жудырады екен. Ал, ол қаражат кімнің қалтасына кетіп жатыр. Ол жағын анықтап біле алмадық. Студенттер бес-бестен кішкентай бөлмеде тұрады. Біреуі еденге матрас төсеп ұйықтаса, екіншісі сынған төсекте жатуға мәжбүр. Сондай-ақ, олар киімдерін бөлмелерінде кептіріп, сол жерде тамақтанады»,- дейді жағасын ұстаған тексеруші.

 

Соңғы жаңалықтар