Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновпен болған кеңес барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов мәлімдеді.
Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру үшін жалпы аумағы 3 144 гектар болатын 947 жер телімі қайтарылып алынуы тиіс, оның 120-сы мемлекеттік қордың жерлері. Қазіргі күні 621 гектар болатын 500 жер телімі сатылып алынды. Қалған 327 жер телімі бойынша үстіміздегі жылдың қараша-желтоқсан айларында 267 учаске сатып алынады.
Осы жоба бойынша аумағы 73,7 гектар болатын 67 проблемалық жер телімі болды, кеңес барысында 46 жер меншігінің тағдыры шешілді. Қазіргі уақытта проблемалық жерлердің саны — 21.
«Проблемалық жер телімдері негізінен Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарында орналасқан. Көптеген жер иелерінің иелік ету туралы құжаттары жоқ, кейбірі банктерде кепілдікте тұр. Бірақ бұл проблемалар шешіледі», — деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.