Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның мақсаты екі құрлықты біріктіретін Қазақстандағы ірі транзиттік дәліздің құрылысына жергілікті халықтың назарын аудару болып табылады.
Сонымен қатар, жарысқа қатысушылар Қостанай қаласындағы «Қазақстан агромашхолдинг» АҚ-да жасалған қазақстандық «Ssang Yong» жаңа автокөлігін сынақтан өткізуде.
Жол таңдамай жүретін көлік жүргізушілерінің сөзіне қарағанда, әзірге бұл автокөліктерден еш мін табылып отырған жоқ. «Ең бастысы — бұл қазақстандық өнім ғой!» дейді жүргізушілер.
Автожарыс Астана қаласында өз мәресіне жетеді.