«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолын ақылы ету сатылап жүзеге асатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолын ақылы ету сатылап жүзеге асатын болады

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолын ақылы ету сатылап жүзеге асатын болады

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолын ақылы ету сатылап жүзеге асатын болады.

  • 25 Қазан 2012
  • 291
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Қазақстанның жаңа инфрақұрылымдық жобалары» атты конференция барысында Көлік және коммуникация министрлігі Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы Нұрланбек Өмірбаев мәлім етті.

Комитет өкілінің айтуынша, алғашқы кезеңде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарындағы белгілі бір учаскелерге ақы енгізіледі. Ал тұтастай ақылыға көшіру автокөліктерді басқару жөніндегі ұлттық оператор өз қызметіне кіріскеннен бастап, аталған жол дәлізі бойынан толығымен ендіру қолға алынады.

«Ақылыға негізделген жолдардың былтыр Ақтөбе облысында 215 шақырылым қолданысқа берілген болатын. Ағымдағы жылы біз аталмыш дәліздің қосымша 700 шақырымын тапсыруды жоспарлаймыз. Ал толық аяқтау Алматы-Қорғас бөлігінің аяқталуымен байланысты. Бұдан бөлек Өзбекстанмен шекарадан Шымкент қаласына дейінгі аралықтағы участок та аяқталған жоқ, соған орай автодәліздің толығымен аяқталуы 2015 жылы көзделеді», — деді Н. Өмірбаев.

Соңғы жаңалықтар