"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" дәлізінің қазақстандық бөлігі ақылы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" дәлізінің қазақстандық бөлігі ақылы болады

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" дәлізінің қазақстандық бөлігі ақылы болады

Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігі "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" дәлізінің бүкіл қазақстандық жолы үшін ақы енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады республиканың көлік және коммуникация министрлігінің автожолдар комитеті төрағасының орынбасары Нұрланбек Өмірбаев.

  • 25 Қазан 2012
  • 330
Фото - Caravan.kz

«Басында біз Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында белгілі бір жолдарға ақы белгілемекпіз, сосын автожолдардың ұлттық операторы өз қызметіне толық кіріскен соң біз жалпы дәлізбен жол жүруді ақылы етпекпіз», деді ол Астанада бейсенбіде журналистерге.

Оның айтуынша, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізін 2015 жылы толық көлемде салып аяқтау көзделген.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің қазақстандық телімінің ұзындығы 2 787 шақырымды құрайды, оның 2 452 қайта салынуға тиіс. Қазіргі уақытта Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумақтарында жұмыстар жүргізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар