Батыс Еуропаға «метеобомба» қаупі төніп келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Еуропаға «метеобомба» қаупі төніп келеді

Батыс Еуропаға «метеобомба» қаупі төніп келеді

Күшті дауыл, «бомбалық циклон» деп аталған ауа райы құбылысы Франция, Германия және Батыс Еуропаның басқа да елдеріне төніп келеді

  • 23 Қазан
  • 6
Фото: Euronews

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, бұл – тез күшейетін төменгі қысым аймағы. Ол секундына 160 км-ге дейінгі жететін екпінді дауыл, қатты нөсер жаңбырларын және көлік қатынасындағы үзілістер сияқты экстремалды ауа райы құбылыстарын тудыруы мүмкін.

Циклон қазірдің өзінде Францияның Атлант жағалауына жеткен. Бейсенбі түні оның орталығы Ла-Манш бұғазына жетіп, одан кейін Солтүстік теңіз бағытында Испания, Бельгия, Нидерланды және Германияны қамти отырып қозғалып келеді. Шварцвальд аймағы мен Солтүстік теңіз жағалауында желдің екпіні секундына 120 км-ге дейін және одан жоғары болады деп күтіліп отыр.

Синоптиктердің болжауынша, дауыл жұма күнгі түскі уақытқа қарай Германияда ең жоғары нүктесіне жетеді. Көлік қатынасында және энергиямен қамтамасыз етуде қиындықтар болуы ықтимал. Ал сенбі күні дауылдың күші бәсеңдей бастайды, бірақ жағалаудағы дауылдың әсері сақталады.

Метеобомба — бұл циклон ортасында қысым 24 сағат ішінде 24 гПа-дан астам төмендейтін дауыл. Бұл жағдай ураганға ұқсас қатты ауа райын және қауіпті салдарды тудырады.

Перейти к новостям спорта