Жарияланды: 520

Батыс Қазақстан халқының 27,7 пайызын жастар құрайды

Батыс Қазақстан облысында 14 пен 29 жас аралығында 169738 адам бар, бұл өңір халқының 27,7 пайызын құрайды.

БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы Серік Молдағалиевтің айтуынша, соның ішінде 87307-сі немесе 51,4 пайызы ауылда, 82431-і немесе 48,6 пайызы қалада тұрады. Батыс Қазақстан облысында жастар мәселелері бойынша қызмет атқаратын заңды түрде тіркелген қоғамдық ұйымдардың саны - 74, оның ішінде 25-і облыс аудандарында. Жалпы, облыс бойынша жастар саясатын жүзеге асыру үшін бөлінетін қаржының көлемі жыл сайын артып келеді. 2012 жылы бұл сома 76,2 млн. теңгені құрады, соның ішінде 45,4 млн. теңге облыстық бюджеттен, 30,8 млн. теңге аудандық және Орал қаласының бюджеттерінен бөлінді. Айтып кететін жәйт, облыстың барлық аудандарында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған шараларды өткізуге өз бюджеттерінен қаражат бөлу мәселесі толығымен шешілді. Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға 48 жастар қоғамдық бірлестігі тартылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін