«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ға 40 жыл толды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+38 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ға 40 жыл толды

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ға 40 жыл толды

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма теа­трында «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ның 40 жылдығына арналған салтанатты шара өткізілді.

  • 23 Қыркүйек 2013
  • 1115
Фото - Caravan.kz

Онда аталмыш компанияның директорлар кеңесінің төраға­сы Әліби Ахметжанов ұжымды мерей­тоймен құттықтады. Кәсіпорынның бір топ жұмысшылары­­­на сый-сияпат көрсетті. Облыс әкі­мінің орынбасары Марат Кәрі­мов зауыттың еліміздің мұнай-газ саласының өркендеуіне нақты іс­пен, жоғары технологияны мең­геру арқылы үлес қосып келе жат­қанын атап өтті. «Басқасын бы­лай қойғанда зауыт сағатына жыл­дамдығы 550 шақырымды бағындыратын төрт орындық ұшақ да­йындап шығарды, — деді Марат Кәрімов. — Мұндай ұшақ елімізде әлі жоқ. Компания өз қаржысына мамандарын шетелде оқытып, дайын­дап жатыр».

Сонан соң бір топ зауыт қызметкерлеріне облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан ал­ғысхаттар тапсырды. Шара барысында әріптес компаниялардың өкілдері де жүрекжарды лебіздерін білдірді.


Аталмыш зауыт бастауын кеңестік заманда әскери қару-жарақ шығарумен елімізден тысқары мемлекеттерге танылған «Металлист» зауытынан алады.

Облыстағы машина жасау са­ла­сының көшбасшысы саналатын кәсіпорынның мұнай-газ, энер­ге­тика, ауыл шаруашылығы салаларына арналған өнімдері жоға­ры сұранысқа ие. Компания­ның өндірістік базасында "Gene­ral Elec­tric" компаниясының лицензиялық технологиясы негізінде газтур­биналық қондырғыларды жөндеу, автоматика және басқару жүйесі­не қызмет көрсету және жөндеу бойынша сервистік орталық құ­рылды. Сондай-ақ суды жылыту қон­дырғысын, ПП-1.6 өндірістік пе­­­шін өндіру қолға алынды. Азаматтық бағыттағы шағын авиация өндірісі және жоғары қысымды сорғы құралдарын жөндеу, өндіру жобасы іске асырылуда.