Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Станислав Качалоның айтуынша, Түркияның «Тусан» құрылыс компаниясы Батыс Қазақстан облысында құрылыс нысандарын салуға 30 млн. доллар көлемінде инвестиция жұмсамақшы. Компания облыста мейманхана кешені, супермаркет, түрлі кеңселер мен кәсіпкерлік-орталық құрылысын салуға атсалысады деп жоспарланған. «Тусан» құрылыс компаниясының президенті Хамид Хамидидің айтуынша, ол басқаратын компания жоғары сапалы нысандар салумен және құрылыс материалдарын шығарумен айналысады.
Сондай-ақ, Түрік компаниясы Оралда мешіт құрылысын салуға 100 мың доллар бөлуге құлшыныс білдіріп отыр.