Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігі қанды безгекпен күреске 1,5 млн. теңге бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігі қанды безгекпен күреске 1,5 млн. теңге бөлді

Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігі қанды безгекпен күреске 1,5 млн. теңге бөлді

Батыс Қазақстан облысында бүйрек синдромымен қабаттасқан қанды безгекке қатысты күрделі ахуал қалыптасып отыр. Осыған байланысты облыстық әкімшілік Бөрілі, Теректі, Зеленовский және Шыңғырлау аудандарындағы елді мекендерде жаппай дератизациялық шаралар өткізуге арнап 1,5 млн. теңге бөлді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық тазалық індет қызметінен хабарлады.

  • 12 Қаңтар 2004
  • 391
Фото - Caravan.kz

Облыста бүйрек синдромымен қабаттасқан қанды безгекке шалдығу оқиғасы 26 мәрте тіркелді. Жұқпалы індеттің табиғи ошағы Бөрілі, Теректі, Зеленовский және Шыңғырлау аудандарында тіркелді.

Бөлінген қаржы ауру ошақтарында дератизациялық шаралар өткізуге және арнаулы үнқағаздар мен әдебиеттер шығаруға жетеді деп күтілуде.
Тазалық-індет станциясы мамандарының атап көрсетуінше, қазіргі ахуалда көп нәрсе жұқпалы аурудың табиғи ошағында тұратын адамдардың өзіне ғана байланысты. Дәрігерлер тұрғындарды жеке бас тазалығын сақтап, жұқпалы ауруларды таратушы кеміргіштермен күреске жұмылуға шақырады.
Қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 10 адам жатыр, басқалары тіркеуге алынып ауруханадан шығарылды. Науқастардың ахуалын дәрігерлер орташа деп бағалауда.

Соңғы жаңалықтар