Батыс Қазақстан облыстық ауылшауашылығы өнімін өндірушілер Павлодар трактор зауыты өнімдерінің сапасына қанағаттанбайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облыстық ауылшауашылығы өнімін өндірушілер Павлодар трактор зауыты өнімдерінің сапасына қанағаттанбайды

Батыс Қазақстан облыстық ауылшауашылығы өнімін өндірушілер Павлодар трактор зауыты өнімдерінің сапасына қанағаттанбайды

Батыс Қазақстан облыстық ауылшауашылығы өнімін өндірушілер Павлодар трактор зауыты өнімдерінің сапасына қанағаттанбайды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігінде өткен мәслихатта хабарланды.

  • 27 Маусым 2003
  • 1306
Фото - Caravan.kz

Павлодар трактор зауытының тракторларына байланысты қалыптасқан ахуалдың мән-жайын анықтау үшін облысқа ҚР ауылшаруашылығы министрлігінен құрылған арнайы комиссия келді.

«Өсімтал» шаруа қожалығының басшысы Есентай Жамансариевтің айтуынша, «Қазагрофинанс » АҚ-нан лизингке алынған Павлодар трактор зауытының тракторлары сапасыз болып шыққан. Бұл тракторлардың қозғалтқышы тез бұзылып, егістік және түсім жинау науқандары кезінде ауылшауашылығы өнімін өндірушілерді орасан шығындарға ұшыратуда.
Павлодар трактор зауытының өкілі Владимир Поздняковтың айтуынша зауыт мұндай ақауларды үш жыл мерзімде жоюға уәде беріп отыр.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Абат Есенғалиевтің айтуынша, ақаулар жойылмаған жағдайда Батыс Қазақстандық ауылшауашылығы өнімін өндірушілер тракторларды зауытқа кері қайтарып, жұмсалған қаржыны өтеп беруді талап ететін болады.

Соңғы жаңалықтар