Батыс Қазақстан облыстық көші-қон комитетінің басқармасы оралмандарға берілуі тиіс 110,4 млн. теңге көлеміндегі өтемақыны заңсыз пайдаланған - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облыстық көші-қон комитетінің басқармасы оралмандарға берілуі тиіс 110,4 млн. теңге көлеміндегі өтемақыны заңсыз пайдаланған

Батыс Қазақстан облыстық көші-қон комитетінің басқармасы оралмандарға берілуі тиіс 110,4 млн. теңге көлеміндегі өтемақыны заңсыз пайдаланған

АСТАНА. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысы бойынша көші-қон комитетінің басқармасы оралмандарға берілетін 110,4 млн. теңге көлеміндегі өтемақыны заңсыз пайдаланған. Бұл жөнінде республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің отырысында комитет мүшесі Шәріпбек Шардарбек мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2006
  • 517
Фото - Caravan.kz

Ш.Шардарбектің айтуынша, «2004-2005 жылдары көші-қон комитетінің басқармасы 40 отбасын негізсіз тізімге кіргізіп, тұрғын үй алу үшін оларға 20,4 млн. теңге жәрдемақы бөлген».

Оған қоса, Есеп комитеті мүшесінің сөзіне қарағанда, «2004-2005 жылдары квотамен келген 126 оралман отбасының мүлдем тіркеуге алынбағаны белгілі болды, ал мына отбасыларына 90 млн. теңге көлемінде өтемақы төленген».

Перейти к новостям спорта