Батыс Қазақстан облыстық полициясы 2,5 тонна қарасораның көзін құртты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облыстық полициясы 2,5  тонна қарасораның көзін құртты

Батыс Қазақстан облыстық полициясы 2,5 тонна қарасораның көзін құртты

Бүгін, 21-маусымда Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкелері 2,5 тонна орылған қарасораның көзін жойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Маусым 2005
  • 353
Фото - Caravan.kz

Полиция ақпаратына сәйкес, қарасора плантациясы 2004-жылдың тамыз айында Зеленов ауданы Владимировка ауылынан 6 шақырым жерден табылған. 6 адамнан құралған қылмыстық топ есірткілік өсімдіктің бағым-күтімімен шұғылданған. Олар есірткіні Ресейде саудалауды көздесе керек.

Орал қалалық сотының шешімімен қылмыстық топтың жетекшісі жуырда 10 жылға бас бостандығынан айрылса, қалғандарына 4-8 жылға үкім шығарылды. Есірткі бұл іс бойынша үкім шығарылған соң барып жойылды.
Жалпы алғанда Батыс Қазақстан облысы аумағында 5 айда есірткілік және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты 128 заң бұзушылық оқиғасы әшкереленіп, 92 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 27 жағдайда аса ірі көлемдегі есірткі түрлері тәркіленді. Аса ірі көлемде есірткі сақтау оқиғасы 17 мәрте тіркелді. Жыл басынан бері тәркіленген және айналымға жіберілмеген есірткілік заттардың салмағы 5,3 кило болды.

Перейти к новостям спорта