Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы Бөрілі ауданы Березовский ауылдық округінің әкіміне қатысты соттың шешіміне қарсылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы Бөрілі ауданы Березовский ауылдық округінің әкіміне қатысты соттың шешіміне қарсылық білдірді

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы Бөрілі ауданы Березовский ауылдық округінің әкіміне қатысты соттың шешіміне қарсылық білдірді

Орал. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы Бөрілі ауданы Березовский ауылдық округінің әкімі Р.Нұрмұхамбетовке қатысты соттың үкіміне апелляциялық қарсылық білдірді. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық прокурордың орынбасары Серік Шалабаев хабарлады.

  • 10 Қыркүйек 2008
  • 525
Фото - Caravan.kz

С. Шалабаевтың айтуынша, өткен аптада Р. Нұрмұхамбетов өндірістік базаға жер телімін бөліп бергені үшін 200 мың теңге көлемінде пара алды деген айыпен сотталған болатын.

«Р.Нұрмұхамбетов ҚР Қылмыстық кодексінің пара алу жөніндегі 311-бабының 3-тармағы бойынша 3 жыл бойы мемлекеттік қызметтегі лауазымға тағайындалу құқығынан айыра отырып 5 жылға бас бостандығынан айыруға кесіліп, Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолдану арқылы 3 жылға сынақ мерзімімен шартты сотталған», — деді прокурор орынбасары.

С. Шалабаевтың айтуынша, прокуратураның бұл үкімге көңілі толмай отыр, сол себепті облыстық прокуратура жазаның төтенше жеңілдігіне байланысты апелляциялық қарсылық жолдады. Қазір ол қаралып жатыр.

«Біз нақты жазаның жүктелуіне қол жеткізетін боламыз. Мәселен, 3 мың теңге пара алған өртке қарсы күрес қызметінің инспекторын нақты мерзімге айдап жібере тұра, аса ірі көлемде пара алған әкім шартты жазамен құтылып жатса, сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігі туралы сөз қозғау қисынсыз. Барлық мемлекеттік қызметкерлер заңның алдында тең болуы қажет»,- деді С. Шалабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар