Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы жасырылып қалған 109 қылмыстың бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы жасырылып қалған 109 қылмыстың бетін ашты

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы жасырылып қалған 109 қылмыстың бетін ашты

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы 2003-жыл ішінде жасырылып қалған 109 қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы облыстық прокуратураның алқа мәжілісінде жария етілді.

  • 3 Ақпан 2004
  • 573
Фото - Caravan.kz

Әшкереленген заң бұзу оқиғалары бойынша 2073 лауазым иесі түрлі жауапкершілікке тартылып, 51 қылмыстық іс қозғалды. Олардың 37-сі сотқа жіберіліп, 33 адам сотталды. Прокурорлық қадағалау нәтижесінде бюджетке 194 млн. теңге өндіріп алынды.

Отырыста қасақана кісі өлтіру оқиғаларының азайғандығы тілге тиек етілді. Өткен жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында кісі өлтіру оқиғасы 49 тіркелген. Сондай-ақ, ұйымдасқан 5 қылмыстық топ пен 2 бандалық топтың қылмыстық әрекеттеріне тосқауыл қойылды.

Соңғы жаңалықтар