Әшкереленген заң бұзу оқиғалары бойынша 2073 лауазым иесі түрлі жауапкершілікке тартылып, 51 қылмыстық іс қозғалды. Олардың 37-сі сотқа жіберіліп, 33 адам сотталды. Прокурорлық қадағалау нәтижесінде бюджетке 194 млн. теңге өндіріп алынды.
Отырыста қасақана кісі өлтіру оқиғаларының азайғандығы тілге тиек етілді. Өткен жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында кісі өлтіру оқиғасы 49 тіркелген. Сондай-ақ, ұйымдасқан 5 қылмыстық топ пен 2 бандалық топтың қылмыстық әрекеттеріне тосқауыл қойылды.